Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы, C-R-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 5 қыркүйекке дейін)
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Маңғыстау облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
- Құқық
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Санитария, гигиена, эпидемиология
Қосымша талаптар
санитарлық фельдшер
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметін жоспарлауға қатысу. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жиынтық және талдамалық материалдарды дайындауды бақылау және үйлестіру. Бөлім бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді жасау. Сұраныс хаттарына, ақпараттарға және бақылауда тұрған құжаттарға жауаптар дайындау және ұсыну. Бөлімнің жұмысын жақсарту және жетілдіру үшін басшылыққа ұсыныстар енгізу. Заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге, семинарларға, конференцияларға қатысу. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қатысу. Басқарманың жылдық жұмыс жоспарын жинақтап жасақтау және оның орындалысын бақылау. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуін бақылау. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес өткізілетін іс-шараларды дайындау және жүзеге асыру үшін бөлімдердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, мамандарды келісім бойынша тарту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.09.2025
- Ақтау қ., 3 Б ш/а, 46 ғимарат
-
8/7292/607145