Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, C-R-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 29 маусымға дейін)
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Маңғыстау облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Қосымша талаптар
санитарлық фельдшер
Функционалды міндеттер
Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау, профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындау. Реттелетін салада мемлекеттік қызметтерді көрсету. Сырқаттанушылықтың жағдайын жедел, ретроспективті талдау. Объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Ұйғарымдардың және іс-қағаздардың уақытылы орындалуын бақылау. Іс-қағаздарын және санитариялық эпидемиологиялық мониторингті жүргізу. Құзыретінің шегінде кеңестер және семинарлар өткізу. Энтономиялық мәселелер бойынша ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс. Өкімдер, бұйрықтар және сұраулар бойынша ақпарат дайындау. Трансмиссивтік аурулардың (безгек, кене энцефалиті және басқалар) тасымалдаушыларын энтомогиялық қадағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Анофелогендік су қоймаларын паспорттау бойынша жұмыс жүргізу. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесқұзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.09.2025
- Ақтау қ., 3 Б ш/а, 46 ғимарат
-
8/7292/607145