Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Түпқараған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы, C-R-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 24 наурызға дейін)

Мемлекеттік орган

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Санитария, гигиена, эпидемиология

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигеналық қадағалау. Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындау  және орындау. Реттелетін салада мемлекеттік қызметтерді көрсету. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу. Бөлім бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді жасау. Сұраныс хаттарына, ақпараттарға және бақылауда тұрған құжаттарға жауаптар дайындау және ұсыну. Заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге, семинарларға, конференцияларға қатысу. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес өткізілетін іс-шараларды дайындау және жүзеге асыру үшін бөлімдердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, мамандарды келісім бойынша тарту. Қазақстан Республикасының Заң талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде субъектілерге (объектілерге) тексерістер жүргізу және денсаулық сақтау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салматтылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру. Ісқағаздарын және санитариялық эпидемиологиялық мониторингті жүргізу. Эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді бақылау. Объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Иммундық профилактика бойынша  жұмысты ұйымдастыру және баықлау. Инфекциялық сырқаттанушылықты уақытылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлерін, динамикасын және болжамын анықтай отырып, ретроспективті талдауды жүргізу.   Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау. «ЕРСОП»-бірыңғай тізілім субъектілерінің (объектілерінің) тексерулер деректер базасын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) еңгізу. Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған сапасыз өнімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының тиісті аумағына әкелуге, онда өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салуға қатысты шараларды ұйымдастыру. Тиісті аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Денсаулық сақтау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.09.2025 – 18.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.09.2025

Сұхбаттасу орны

Ақтау қ., 3 Б ш/а, 46 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8/7292/607145