Түркістан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Түркістан облысы
226837
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Санитария, гигиена, эпидемиология
Функционалды міндеттер
Бөлім бойынша бекітілген мәселелергі қатысты жұмыстарды алып жүру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудағы объектілерінде Санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Бақылаудағы объектілерге Санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау және бөлім жауапкершілігіне бекітілген санитариялық-гигиеналық талаптарының сақталуын бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау, табылған кемшіліктерді жою жөнінде шараларды жүзеге асыру;
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеу;
Құзыреті шегінде санитариялық- гигиеналық қадағалау бойынша бақылаудағы ҚР заңдарын, ҚР Президенті Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, ҚР ДСМ СЭБК-нің ТО СЭБ-ның бұйрықтарын, аудан әкімдерінің шешімдерін, тапсырмаларын және т.б. бақылаудағы құжаттарға сапалы хабарламалар, мәліметтер беру;
Жоғары тұрған мекемелерге, қадағалаушы органдарға және жергілікті атқарушы органдарға бөлім жұмыстарына қатысты мерзімдік, оперативтік ақпараттардың уақтылы беру;
Құзыретінің шегінде бақылау объектілеріне санитариялық-гигиеналық қадағалау, өтініш, арыз-шағым иелеріне жазбаша және ауызша жауаптар, түсіндірме- кеңестер беру;
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкестігі бойынша бақылаудың өзге де нысандарында орындауды ұйымдастыру;
Құзыреті шегінде бақылау объектілерінде санитариялық-гигиеналық қадағалау іс-шаралары талаптарын орындау;
Нысандарға санитариялық тексеру жүргізу, зертханалық тексеруге үлгілер, сынамалар алу (зертханалық құрал-саймандық әдісті қолдана отырып), тексеру нәтижесі бойынша акт түзу, қажетті жағдайда қорытынды рәсімдеу;
Халықтың радиациялық қауіпсізідігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтау;
Халықтың йод тапшылығы ауруларының профилактикасы саласында мемлекетік реттеуді жүзеге асыру;
Микронутриенттік жеткіліксіздікке байланысты инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде йод тапшылығы және темір тапшылығы ауруларының профилактикасы саласындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
Аудан көлеміндегі, әлеуметтік нысандардың құрылысына өзекті санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды мәселе етіп қояды;
Инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
Санитариялық кемшіліктер бойынша қолданылған шараны негіздеп хаттама толтыру, қажетті жағдайда объектінің жұмысын уақытша тоқтату туралы қаулы рәсімдеу, жұмыстан шеттетуге қаулы дайындау;
Бекітілген мүліктердің сақталуын және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
Басқарманың ішкі күн тәртібін және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
Мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау;
Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен арыз-шағымдарды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес мерзімінде сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
«Тексеру субъектілері мен объектілерінің біріңғай тізілімі» және «Әкімшілік іс жүргізудің біріңғай тізілімі» ақпараттық жүйелерінде тексеру нәтижелерін мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы талаптарын орындайды;
Бөлімде туындаған дауларды шешу, сот процестеріне қатысу, арыз-шағымдарды қарап, оларға Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жауап берілуін қамтамасыз ету;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне және басқада құқықтық актілерге сәйкес тексеру жұмыстарын жүргізу, одан туындаған мәселелердің барлығын өз құзыреті шегінді соңына дейін жеткізу.
(Функционалды блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.dsek@dsm.gov.kz
- Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, с блогы 3 қабат.
-
87253357730