Шемонаиха аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы, № 20-01-04

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-R-1

Орташа лауазымдық айлықақы

142461 - 192366

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  8. ғылыми дәрежесінің болуы;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Функционалды міндеттер

: Басқарманың қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау саласындағы қызметіне жалпы басшылық ету,  үйлестіру және бақылау. Тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша, сондай-ақ тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласында, техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсетудің уақтылығы мен сапалы болуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жұмыс және сараптамалық топтарға қатысу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және тексеру шегінде шаралар қабылдау. Азаматтарды жеке қабылдау. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, интернет-ресурстарда қызметін жариялай отырып, кеңестер, семинарлар, "дөңгелек үстелдер" өткізуді ұйымдастыру. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.08.2020 – 06.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

10.08.2020

Сұхбаттасу орны

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 17

Анықтама алу үшін байланыс

8(7232) 765-125