Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Түркістан облысы
195549
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Санитария, гигиена, эпидемиология
Функционалды міндеттер
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жұмысына толық жауап беріп, аудан халқы арасында эпидемиологиялық ахуалды сараптап, оның қалыптасуына тікелей ат салысады;
Бөлім басшысының нұсқауларын және тапсырмаларын көрсетілген мерзімге сәйкес орындау;
Қоғамдық денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, жобаларды, стратегиялық жоспарларды іске асыруды қамтамасыз ету;
Өз құзыретінің шегінде тағамнан уланулар, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазіргі заманға сай жаңа сараптау әдістерін білу, практикаға енгізу;
Аудан аумағында инфекциялық, паразитарлық және аса қауіпті аурулардың әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды әзірлеу, ұйымдастыру және жүргізу;
Тұрғындарға профилактикалық егулердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
Тиісті деректерді жинақтай отырып, тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, есепке алу мен статистиканы жүргізу;
Инфекциялық ауруларға динамикалық бақылау, ретроспективті және оперативтік эпидемиологиялық сараптама негізінде, жұқпалардың туындау, таралу және бұрқ ете қалу жағдайларын болдырмау, төмендету шараларын жүзеге асыру, эпидемиологиялық бақылауды жүргізу;
Қоғамдық денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Инфекциялық, паразитарлық, каратиндік және аса қауіпті оның ішінде туберкулез аурулардың мәселелері бойынша объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құру және оның орындалуын талдау, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау;
Инфекциялық, паразитарлық және аса қауіпті сырқаттанушылық жағдайына күнделік, апталық, айлық, тоқсандық мониторинг жүргізу;
Аудан аумақтарында инфекциялық сырқаттанушылыққа эпидемиологиялық қадағалау жүргізуді басқару және бақылау;
Вакцинадан кейінгі шиеленіске, вакциналардың қозғалысына, егулермен қамтуға мониторинг жүргізу;
Көрсетілген мерзімдерге сәйкес жоғарғы органдарға бекітілген мерзімінде ақпараттарды, деректерді, хабарламаларды, есептерді жіберуге міндетті;
Инфекциялық, паразитарлық және аса қауіпті аурулардың өршулерін тексеруге, олардың себептерін анықтауға, шоғырландыру және алдын алу бойынша ұсынымдар дайындау;
Аудандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау, талдау материалдарын құру, эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
Аудандық семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және қатысу;
Бұйрықтардың және департамент кеңесінің хаттамалық шешімдерін орындау;
Жоғарғы органдарға бекітілген мерзімінде есеп беру;
Әр тоқсан сайын жұмыс қорытындысына талдау жүргізу;
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау;
Басқарма, бөлім қызметкерлері арасында, тексерілетін нысандарда қызметтік этика талаптарын ұстау;
Мемлекеттік биліктің беделін қолдау мен Қазақстан Республикасының беделін түсіретін және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қайшы келетін іс-әрекеттерге жол бермеу, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, мемлекеттік қызметшілер үшін заңдарда белгіленген тиымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;
Санитарлық-ағарту жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру, өткізу, талдамалар жүргізу;
Құзыреті шегінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, есепке алу және мониторингтеу, профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
Инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
Медициналық қалдықтардың айналысын бақылауды жүзеге асыру;
Басқарма іс-құжаттарының кіріс-шығыстар бойынша және номенклатураға сәйкес ұқыпты сақталуын бақылау және орындау;
Халықтың радиациялық қауіпсізідігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалап, бақылайды;
Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен арыз-шағымдарды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес мерзімінде сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
«Тексеру субъектілері мен объектілерінің біріңғай тізілімі» және «Әкімшілік іс жүргізудің біріңғай тізілімі» ақпараттық жүйелерінде тексеру нәтижелерін мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы талаптарын орындайды;
Бөлімде туындаған дауларды шешу, сот процестеріне қатысу, арыз-шағымдарды қарап, оларға Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жауап берілуін қамтамасыз ету;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне және басқада құқықтық актілерге сәйкес тексеру жұмыстарын жүргізу, одан туындаған мәселелердің барлығын өз құзыреті шегінді соңына дейін жеткізу.
(Функционалды блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.dsek@dsm.gov.kz
- Түркістан облысы Түркістан қаласы Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше 16-ғимарат, С-блок 3-қабат
-
87253357730