Сандықтау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

С-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экология
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Қосымша талаптар

Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет.

Функционалды міндеттер

Жұмыстардың ұйымдастырушылық-әдістемелік және зертханалық жоспарларының орындалуын жасауға және талдауға қатысу, қызметтің перспективалық бағыттарын анықтау, бөлімнің жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Халық арасында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын бақылау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын бақылау.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.   Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру. Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне іс-шараларды жүзеге асыру.Халық арасында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сәйкес келмейтін өнімдердің тізімдерін Департаментке уақтылы ұсыну.Келіп түскен өтініштердің, азаматтардың өтініштерінің (шағымдарының) орындалу сапасын бақылау. Еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын бақылау және орындау. Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарма қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Басқарманың құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда департаменттің мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіппен ұсыну. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестігіне құқықтық сипаттағы құжаттарға заң сараптамасын жүргізу.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін дайындау және орындау.Зерттеулерді зертханалық бақылаумен бақыланатын объектілерге профилактикалық және ағымдағы санитариялық қадағалау жүргізу, нұсқамалардың орындалуын бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтумен сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Инфекциялық аурулар объектілерінде және ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың жай-күйіне мониторинг жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың ұйғарымдарының, шағымдары мен өтініштеріне жауаптардың уақтылы орындалуын бақылау.Іс жүргізу және санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу.құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өз құзыреті шегінде іс жүргізуді қозғау.Іс қағаздарын жүргізуді бақылау, басқармада құжаттарды есепке алу және сақтау тәртібі. Басқарма басшылығының қабылдау бөлмесін, азаматтарды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, тіл саясаты туралы заңнаманы іске асыру. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық қолдауға қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүзеге асыру.Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету.Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. А блок, 4 деңгейі.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.01.2024 – 02.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 Мб

Сұхбаттасу күні

09.02.2024

Сұхбаттасу орны

Көкшетау қ., Кенесары Қасымұлы көш., 14 А

Анықтама алу үшін байланыс

8(716-2)26-55-29