Астрахан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Ақмола облысы
259515
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Экология
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
Қосымша талаптар
Электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет.
Функционалды міндеттер
Бақылау-қадағалау функцияларын орындау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша Бөлім жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметті уақтылы және сапалы көрсету. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру. Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне іс-шараларды жүзеге асыру. Халық арасында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сәйкес келмейтін өнімдер тізімін Департаментке уақтылы жолдау.Азаматтардан келіп түскен арыздардың, өтініштердің (шағымдардың) орындалу сапасын бақылау. Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын бақылау мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау. Құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру. Әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарма қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін білдіру. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. Зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жоспары мен ұйымдастыру-әдістемелік жоспарының орындалуын талдау және құру, бөлім қызметінің перспективалық бағыттарын анықтау, Бөлім жұмысының көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын, нұсқамалардың және іс жүргізудің уақтылы орындалуын бақылау. Зертханалық зерттеулер жүргізе отырып, объектілерге алдын ала және ағымдағы қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу. Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, объектілерде және инфекциялық аурулар ошақтарында профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. А блок, 5 деңгейі.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry@dsm.gov.kz
- 29.06.2023
- Көкшетау қ., Кенесары Қасымұлы көш., 14 А
-
8(716-2)26-55-29