ҚР ДСМ СЭБК СҚО СЭБД Айыртау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Солтүстік Қазақстан облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Халыққа сапалы және уақытылы мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру. Басқарманы цифрландыруды қамтамасыз ету. Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің,
арыздардың орындалу сапасын бақылау. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық эпидемияға
қарсы іс-шараларды жүргізу. Иммундық профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Инфекциялық сырқаттанушылықты уақтылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлерін, динамикасын және болжамын анықтай отырып,
ретроспективті талдауды жүргізу. Бөлімнің мониторингін жүргізуді бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық фонды апта сайын талдау. Өз құзыреті шегінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуына
мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. Функционалды блок А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
skodooz@dsm.gov.kz
- 01.07.2023
- СҚО Петропавл қ. Нұрсұлтан Назарбаев к. 236
-
8-715-2-34-04-45