«В» вирусты гепатитінің алдын алу
Вирусты «В» гепатиті – бауырдың қабынуымен жүретін жұқпалы ауру.
Індеттің жұғу көзі – аурудың жіті немесе созылмалы түрімен сырқаттанған науқас.
Негізгі жұғу жолдары:
- вирустармен зақымданған жеке гигиенада және тұрмыстық жағдайда қолданылатын кескіш-тескіш заттарды пайдаланғанда;
- тіс емханалары мен сұлулық салондарында зақымданған құралдарды пайдаланғанда;
- жүктілік кезінде анасынан баласына берілгенде;
- тұрақты серігі жоқ және кездейсоқ байланыстары көбейген жағдайда жыныстық жолмен;
- зақымданған қанды құйған кезде;
- дезинфекцияланбаған құралдарды пайдаланғанда.
Алдын алу шаралары: Вирусты «В» гепатитінің алдын алу шараларының 2 түрі бар – арнайы және арнайы емес.
Вирусты «В» гепатитінің алдын алудағы арнайы шара – ол жоспарлы екпе жасау. Вакцина ұзақ сақталатын қорғанысты қамтамасыз етеді және адам ағзасына әсер етпейді. Вакцина салдырғаннан кейін вирусты «В» гепатиімен ауру мүмкін емес!
Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес ВВГ вакцинасы балаларға өмірінің 1-4 күнінде, сондай-ақ 2 және 4 айда енгізіледі.
Вирусты «В» гепатитінің алдын алудағы арнайы емес шара:
- тіс емханасын таңдау кезінде бірреттік құралдарды пайдалану мен дезинфекция қағидаларының сақталуына назар аударыңыздар;
- жүкті әйелдер міндетті түрде вирусты «В» гепатитіне тексерілуі қажет;
- жаңа туған балаларға вакцина салдыру туғаннан кейінгі 12 сағат ішінде жасалады;
- егер де жеке пайдаланатын заттарыңыз (мәселен, тіс щеткасы, маникюр қайшысы, мұрт-сақал алғыш) вирусты «В» гепатитімен ауырған тұлғаның қанымен зақымдалу жағдайында басқа адамдардың қолдануына болмайды;
- маникюр, педикюр қызметін жиі пайдаланатын, пирсинг және татуировка жасайтындар, егер құралдарда басқа адамдардың қаны жұғып қалса, індеттің жұғу қауіп жоғары болады;
- вирусты «В» гепатитімен ауырып-тұрған науқастар қан, ағазалар мен тіндердің доноры бола алмайды;
- кездейсоқ жыныстық қатынаста міндетті түрде презервативтерді пайдалану керек, ол вирусты «В» гепатитін жұқтыру қаупін азайтады.