Құттықтаймыз!

Медицина қызметкерлері күніне орай Қарағанды облысы әкімінің денсаулық сақтау саласындағы сыйлығымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Абжанов Бейбіт Елубайұлы «Қарағанды облысының үздік санитариялық дәрігері» деп танылды.
Теміртау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Ким Людмила Николаевна «Қарағанды облысының үздік эпидемиологы» деп танылды.
Өз өмірін адамдардың денсаулығын сақтаумен байланыстырған әрбір адамның үлесі шынымен баға жетпес. Бұл жұмыс күнделікті қажырлы еңбекті талап етеді.
Құрметті әріптестер, сіздерді лайықты марапаттарыңызбен құттықтаймыз, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі жоғары кәсібилігіңіз және осы салаға жанқиярлықпен еңбек еткендеріңіз үшін алғыс айтамыз.