Астана қаласы ауасының жай-күйі туралы

Атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау үшін Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бекітілген мемлекеттік тапсырыстың 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес қаланың 24 бақылау нүктесінде мониторинг жүргізді (өнеркәсіптік аймақ – ЖЭО-1, ЖЭО-2, қоныстану аймағының орталық бөлігінде, шартты таза аудандарда және магистральдық көшелердің қиылысында шығарындылардың әсері).
2022 жылдың есепті кезеңінде барлығы - 5952 атмосфералық ауа сынамасы зерттелді, зерттелетін сынамаларда ШРК-дан асып кету – 450 сынамада (7,5%) анықталды.
Атмосфералық ауаның жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері бойынша атмосфералық ауаның ШРК-дан артуы мынадай ингредиенттер бойынша анықталды: 576-дан 123 сынамада азот диоксиді, 576-дан 3 сынамада шаң, 576-дан 48 сынамада көміртек оксиді, 576-дан 72 сынамада күкірт сутегі, 576-дан 27 сынамада күйе, 576-дан 114 сынамада күкірт диоксиді, 408-ден 6 сынамада бензол, 576-дан 57 сынамада шекті көмірсутектер (С12С19).
Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың асып кетуін анықтаудың барлық фактілері бойынша Астана қаласының Экология департаментімен бірлесіп, шығу көздерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, ақпарат қала әкімдігіне жіберіледі. Қала тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі мәселелері тұрақты бақылауда.
(Фото ашық дереккөздерден алынды)