Алматыда карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың таралуының алдын алу

Алматыда карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың таралуының алдын алу

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  биологиялық қауіпсіздік және карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуіне жол бермеу бойынша жұмысты «Алматы қаласының аумағын карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі 2022 – 2027 жылдарға арналған профилактикалық және эпидемияға қарсы іс –шаралардың кешенді жоспарына» сәйкес жүргізеді.

Алыс және жақын шет елдерден карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуінің алдын алу мақсатында Алматы қаласында жұмыс азаматтардың шет елдерден келуінің әуе қақпасы болып табылатын Алматы қаласының халықаралық әуежайында жұмыс істейтін көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті санитарлық-бақылау пунктімен тығыз өзара іс-қимылда жүргізіледі.

Департаменттің мамандары СБП үшін карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға күдікті адамдарды анықтаған жағдайда Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өзара іс-қимыл алгоритмін және хабарлау схемасын әзірледі. Кешенді жоспарға сәйкес карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды жедел диагностикалау бойынша консультанттар айқындалды. Карантиндік инфекциялар туындаған жағдайда Алматы қаласының АМСК желісінің дайындығы қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мүдделі қызметтермен бірлесіп, эпидемияға қарсы профилактикалық жұмыс жүргізілді, оның ішінде қаланың барлық 8 ауданының медициналық ұйымдарында карантиндік және аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда функционалдық міндеттер мен практикалық дағдыларды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар өткізілді. 48 семинар ұйымдастырылып, өткізілді, онда 1036 медицина қызметкері алыс және жақын шет елдерден карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуінің алдын алу және биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша дайындықтан өтті. Қаланың медициналық ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының қоры құрылды - 1245 обаға қарсы костюм және 745 зертханалық төсем. Медициналық ұйымдарда карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқас (мәйіт) анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралардың жедел жоспарлары бар. Хабарландыру схемалары жүйелі түрде түзетіледі.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында 2020 жылдан бастап бүкіл әлем елдерін қамтыған және қазіргі уақытқа дейін жалғасып келе жатқан, бұрын белгісіз болған коронавирустық инфекцияның эпидемиясын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Бүгінгі күні Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, ҚР ДСМ эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала «жасыл аймақта» орналасқан.

Әлемде көптеген мутациялар пайда болғандықтан COVID-19 вирусының патогенділігі ЖРВИ аруларының қасиеттерін алып, яғни жеңіл ағыммен сипаталып біртіндеп жоғалуда, бірақ созылмалы аурулары бар және иммунитеті әлсіреген азаматтар үшін ауыр ағым қаупі бар.

Осыған байланысты, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға КВИ-ге қарсы әр 6 ай сайын белсенді екпе алып, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуды, ал мұндай жерлерге бару қажет болған жағдайда медициналық бетперделерді қолдануды, әлеуметтік қашықтық пен жеке гигиенаны сақтауды ұсынады.