600-ге жуық өнім сынамасында Атырау облысының санэпид қызметі бұзушылықтарды анықтады

600-ге жуық өнім сынамасында Атырау облысының санэпид қызметі бұзушылықтарды анықтады

Қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі халық тұтынатын өнімнің қауіпсіздігі болып табылады. Атырау облысында әр айда көтерме және бөлшек сауда объектілерінен өнім сынамалары алынады және зертханалық зерттеумен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық қағидаларды және Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау мақсатында өнімнің барлық түрлері қамтылады.

9 айдың қорытындысы бойынша 2793 өнім сатып алынды, 584 сәйкессіздік немесе алынған өнімнің 20,1% анықталды. Оның 446-сы немесе 76,4%-ы өндіруші тарапынан өнімді таңбалау көрсеткіші көрсетілмеген. Бұл мемлекеттік тілде өнім жапсырмасының болмауына, өнім атауының, өндірушінің атауы мен мекен-жайының, шығарылған күні мен сақтау уақытының дұрыс көрсетілмеуіне байланысты болды. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер – 23. Атап айтқанда, өмірге, адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін тағамдар.

Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 185 ұйғарым берілді, оларды міндетті түрде жою тәртібі түсіндірілді. Берілген нұсқамаларды тексеру қорытындысы бойынша жеткізушілерге 2110,54 кг өнімді қайтару және жою бойынша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, ірі кәсіпкерліктің 5 субъектісіне өнім қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде анықталған сәйкессіздіктер бойынша айыппұл салынды.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді ескере отырып, сатушыларға өнімді сату кезінде мемлекеттік тілдегі жапсырмалардың болуын, сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімін бақылауды ұсынамыз.

Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушыларды өнімді таңдауда мұқият болуға – затбелгідегі таңбалауды зерделеуге шақырады.

Өнімді сатып алу кезінде тұтынушылар өнімнің затбелгісіне назар аударуы керек, қауіпсіз өнімді таңдауы керек, өнімді сақтау және тасымалдау қағидаларын бұзған жағдайда жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына хабарлауы керек.