ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҒИМАРАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАҢА САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен жаңа «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілді, 2022 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Осы күннен бастап «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығының күші жойылды.
Жаңа санитариялық қағидалар:
1) әкімшілік және (немесе) тұрғын ғимараттарды (жатақханаларды) салу үшін жер учаскесін таңдауға, жобалауға, жаңаларын салуға, қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға және кеңейтуге, жөндеуге және пайдалануға беруге, күтіп-ұстау мен пайдалануға қойылатын;
2) әкімшілік және тұрғын ғимараттардың (жатақханалардың) сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету, ауабаптау жүйелеріне, микроклиматына, физикалық факторларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.