Атырау облысында құтыру ауруы тіркелмеген

Атырау облысында құтыру ауруы тіркелмеген

            2022 жылдың 5 айында Атырау облысы тұрғындары арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ. Соңғы рет құтырумен 1 жағдай 2010 жылы Құрманғазы ауданында орын алды.

            2022 жылдың 5 айында жануарлардың тістеуінен, тырнауынан, сілекейленуінен зардап  шеккен 585 адам медициналық көмекке жүгінді, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 58 жағдайға артты(2021 жылы 5 айында-527 жағдай). Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 254.

              Жануарлардың тістеуі, тырнауы, сілекейлеуі бойынша медициналық көмекке жүгіндердің ішінде иттен - 90,2%, мысықтан - 6,8%, жылқыдан - 0,5%, мүйізді ірі қарадан -  – 0,7%,  басқаларынан  – 1,8% зардап шеккен.

              Шағымданудың басым бөлігі иттер мен мысықтардан алған жарақаттардың  97% тиесілі.

              Жануарлардан зардап шеккендердің ішінде қол саусақтарын тістеу – 122, аяқты – 128, білекті - 80, иықты - 91, бірнеше жарақат -15 жағдайда және басқа да дене мүшелерін тістеу тіркелді.

               Медициналық көмекке жүгінгендердің барлығына құтыруға қарсы екпе тағайындалды.

               Құтыру – орталық жүйке жүйесін зақымдаумен сипатталатын зоонозды топқа жататын аса қауіпті ауру.

               Табиғатта құтыру қоздырғышын тасымалдаушылар иттер тұқымдастығына жататын жануарлар болып табылады: иттер, түлкілер, қасқырлар, қарсақтар және т.б., сондай-ақ мысықтар. Ауылшаруашылық малдары да құтырумен ауырады.

                Құтыру вирусы сау адамға осы вирусты жұқтырған жануарлардың тістеп алуы нәтижесінде жұғады.

                Құтырудың алдын алуға болады. Бұл үшін тез арада медициналық көмекке жүгініп, құтыруға қарсы екпелерін алуы қажет және екпенің үзілуіне жол бермеу керек.

                Жануарларда құтыру ауруын ескерту үшін, жануарлар қожайындары жануарларды ұстау ережесін қатаң сақтауы тиіс.

                Құтырудың қауіпті дерт екенін естен шығармау қажет.