Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тәртібі өзгереді

Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тәртібі өзгереді

              2022 жылғы қаңтарда Қазақстанда "ҚР-да кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу және ҚР Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"ҚР Заңы күшіне енді. Ол 13 заңнамалық актіге түзетулерді көздейді.

              Бұдан былай бақылау мен қадағалау  профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру нысанында жүргізілетін болады. Ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексерулер толығымен жойылды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл заңға жеті бағыт бойынша түзетулер енгізіледі:

- Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу тетіктерін жаңғырту.

Заңнаманың талаптарын бұзу себептерін, оларды бұзған субъектілерді анықтау және оларға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін жүргізілетін тексеру ретінде бақылаудың жаңа нысанын енгізу жоспарлануда.

Тергеп-тексеру қорытындылары субъектіге қатысты қажетті процестік әрекеттерді қабылдау, сондай-ақ жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.

Тексерулер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар талаптары бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне ғана жүргізілетін болады.

 Заңда жоспардан тыс тексерулер жүргізудің базалық шарттары сақталған. Сонымен қатар, бақылаудың жаңа түрі – "тергеу" енгізілуіне байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізудің негіздері қайта қаралды.

Сондай-ақ профилактикалық бақылау қазіргідей тексерілетін субъектілерге бару және бармай-ақ жүргізілетін болады. Сонымен қатар, профилактикалық бақылау шеңберінде бақылау сатып алуды жүргізу – бақылау және қадағалау органының тауар нысанында өнімді сатып алуды жүзеге асыруы түрінде болуы мүмкін. Бақылау мақсатында сатып алу нормативтік құқықтық актілерде немесе нормативтік техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактісін анықтау үшін жүргізілетін болады.

Тәуекел дәрежесі (жоғары, орташа және төмен)бойынша субъектілер қызметінің градациясы да жаңалық болып табылады.

Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілердің қызмет салалары үшін талаптарға сәйкестігін тексеру, субъектіге бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру, ал төмен тәуекел дәрежесіне жатқызылған қызмет салалары үшін талаптарға сәйкестігін тексеру, бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру түрінде жүргізілетін болады.

- Кәсіпкерлер үшін міндетті талаптарды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің дерекқоры болып табылатын кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін құру, оған бизнеске қойылатын талаптарды белгілеу шарттарына сәйкес келетін талаптар ғана енгізілуге жатады. Тізілім бизнес ортаға теріс әсер ететін талаптарға қатысты "Реттеуші гильотин" әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган "Әділет"ақпараттық құқықтық жүйесі базасында жүзеге асыратын болады.

- Субъектілердің есеп беруі туралы талап заңдарда тікелей көзделген жағдайларда ғана бекітіледі.

- Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде оны жүргізу міндеттілігін көздейтін РӘТ жүргізудің базалық қағидаттары сақталатын реттеушілік әсерді талдау институтын жетілдіру.

- Жаңа реттегіш құралды енгізудің экономикалық және өзге де әсерлерін қосымша зерделеу, қолданыстағылардың күшін жою немесе күшін жою мақсатында практикада жаңа реттеулерді сынақтан өткізу үшін эксперименттік құқықтық режимді енгізу.

- Мемлекеттік органдардың бақылаудағы тұлғалардың міндетті талаптарын, құқықтары мен міндеттерін сақтау рәсімі туралы адамдардың кең ауқымын хабардар ету жөніндегі міндеттерін белгілеу.

- Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдарға реттеуші мемлекеттік органмен әзірленетін қағидалар мен стандарттарды келісу құқығын беру және өзін-өзі реттейтін ұйымдарды нормашығармашылыққа қатысуға тарту арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің өзін-өзі реттеу институтын жетілдіру.

            2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа реттеуші саясаттың базалық қағидаттары мен тәсілдеріне сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзғаны үшін кәсіпкерлерді жауапкершілікке тартудың мүмкін еместігін көздейтін "реттеуші гильотин" қағидатын енгізу ұсынылады.

             Қазіргі уақытта Комитет халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру бойынша жұмысты бастады, "Атамекен" ҰКП, бизнес пен сарапшылардың қатысуымен қоғамдық тамақтану, сауда, тұру салалары бойынша реттеуші актілерге талдау (қайта қарау) жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды.