Павлодар облысында коронавирус инфекциясына қарсы екпе алу қарқынды жүргізілуде

Павлодар облысында тұрғындарды коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 642 адам екпе алды.
10 желтоқсандағы жағдай бойынша Павлодар облысының 346 мыңнан астам тұрғыны коронавирустан бірінші компонентпен егілді, яғни, қажетті иммундық қабатты қалыптастыру үшін талап етілетіндердің шамамен 69,5%. Екінші компонентпен егілген тұрғындардың саны - 323 116.
19 қарашадан бастап облыста 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды «Комирнати» вакцинасымен (Пфайзер, АҚШ) иммундау басталды. Бүгінгі күні 2,6 мың астам адам вакцинацияланды, олардың ішінде 1 736 жасөспірім, 84 жүкті, 766 бала емізетін ана бар.
22 қарашадан бастап халықты коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау басталды. Бүгінгі күні Павлодар облысында вакцинаның үшінші дозасын 2 072 адам алды. Олардың ең көбі, яғни мыңнан астам адам облыс орталығының тұрғындары.
Кампания екі кезең бойынша ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта ақпан-наурыз айларында екпе алған медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полиция және диспансерлік пациенттер ревакцинациядан өтіп жатыр.
⠀ Естеріңізге сала кетейік, ревакцинация мерзімі 9 айдан 6 айға дейін өзгерді, яғни ревакцинациядан енді алғашқы вакцинация курсы аяқталғаннан кейін алты айдан соң өтуі керек. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой атап өткендей, бұл «коронавирустың жаңа штамдарынан қорғалған ағзаны сақтау үшін иммунитетті ынталандыруға аса қажет».
Осылайша, 8 желтоқсаннан бастап кез-келген адам емханаға келіп, КВИ-ге қарсы ревакцинациядан өте алады. Емханаларда бұған дейін вакцинацияланған азаматтардың тізімі бар, оларды кезек тәртібімен ревакцинацияға шақырылады. Алғашқы вакцинацияның толық курсынан кейін және КВИ-мен ауырғандарды ревакцинациялау сауыққаннан кейін 6 айдан соң жүргізіледі. КВИ-ге қарсы ревакцинацияны бастапқы курс үшін пайдаланылған вакцинамен алуға болады.
Егер сіз әлі күнге дейін КВИ-ге қарсы вакцинаны алмаған болсаңыз, вакина алуға қарай дұрыс шешім қабылдаңыз, өйткені бір уақытта және жаппай вакцина алу ұжымдық иммунитетті нығайтып, қоғамға әдеттегі өмір салтына тезірек оралуға мүмкіндік береді.