Нұр-Сұлтанда КВИ-ге қарсы халықтың ревакцинациясы жалғасуда

Елордалық медициналық ұйымдарда 6-9 ай бұрын коронавирусқа қарсы вакцина алған халықтың ревакцинациясы жалғасуда.
Осылайша, медициналық қызметкерлер, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті қайта егуді ала бастады. Сондай-ақ, бұл тізімге 60 жастан асқан адамдар және КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың аяқталған курсынан кейін КВИ-ге қарсы антиденелер анықталмаған иммунитеті әлсіреген адамдар кірді.
Естеріңізге сала кетейік, 22 қарашадан бастап бұрын вакцинацияланған азаматтар үшін ревакцинация басталды, олар ақпан-наурыз айларында Спутник-V вакцинасымен алғашқы вакцинация алды, сондай-ақ 6 ай бұрын белсенді емес вакциналардың 2 дозасын алған адамдар да ревакцинацияға жатады. Қазіргі уақытта қала тұрғындарына вакциналардың келесі түрлері ұсынылады: отандық QazVac және қытайлық Sinopharm. Бүгінгі таңда 680 адам COVID-19-ға қарсы ревакцинациядан өтті.
Сондай-ақ, Елордада тиісті контингенттің «Comirnaty» (Pfizer) препаратымен вакцинациялау жалғасуда, бүгінгі таңға аталған вакцинамен 6 мыңнан астам қала тұрғыны егілді. Бұл жасөспірімдер – 4 422, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16-37 аптасы) - 124 және емізетін аналар - 1 983.
Елордада 1 компонент бойынша вакцинация қабылдағандар саны 470 мың адамды құрады, екі компонентті 430 мыңнан астам тұрғын алды.