Қостанай облысында 48 000 жасөспірім COVID-19 қарсы вакцинаны ала алады

Қостанай облысында 48 000 жасөспірім COVID-19 қарсы вакцинаны ала алады

               Қостанай облысында 66 690 мың әйел мен жасөспірім «Pfizer» препаратымен вакцинациялауға жатады. Өңірде жүктіліктің 16-37 аптасы аралығында иммундауға жататын әйелдер – 7 800 адам, лактация кезеңіндегі әйелдер -10 890 адам, 12 жастан асқан жасөспірімдер - 48 000 адам. Олар үшін аймаққа американдық вакцинаның бірінші және екінші компоненттерінің 133 380 дозасы жеткізіледі. Оны сақтауға арналған төрт мұздатқыштың екеуі аймаққа келді.

              Өткен аптада «№27 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-де денсаулық сақтау және білім басқармасының мамандарымен, медицина қызметкерлерімен, мектеп директорларымен, сондай-ақ Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерімен жасөспірімдерді иммундау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты - әр ата-анаға екпенің маңыздылығын толықтай түсіндіру. Ағзаны иммундау – аурудың алдын алу және жұқтыру қаупін төмендетудің жалғыз жолы. Сондықтан жасөспірімдерді ерікті вакцинациялау қажет.

                КВИ-ға қарсы балаларды вакцинациялау облыстың білім беру ұйымдарында және егу пункттері желісінде ата-аналарының немесе кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдерінің ерікті негізде жазбаша хабардар етілген келісімінен кейін ғана жүргізілетін болады. Иммундау алдында тексеру, сондай-ақ аллергия мен созылмалы аурулардың болуы туралы сауалнама жүргізу қажет.