Ақтөбе облысында 300 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясына қарсы егілді

Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. 2021 жылғы 28 тамыздан бері эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Ақтөбе облысы қызыл аймақта. Ақтөбе облысында 2020 жылғы наурыз айынан бастап 2021 жылдың 13 қыркүйегіне дейін 30608 коронавирус инфекциясы тіркелді. Оның ішінде шағыммен – 23 005 (75,1%) жағдай, шағымсыз – 7603 (24,8%) жағдай анықталды. Өткен тәулікте, облыс бойынша коронавирус инфекциясының 104 жағдайы тіркелді.
Ақтөбе облысының аумағында азаматтарды жаппай вакцинациялау басталғалы бері тұрғындарды COVID-19-ға қарсы иммундау жоспары әзірленді. Соған сәйкес, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 522 000 ақтөбелік вакцинациялауға жатады. 29 тамыздағы жағдай бойынша 1 компонентпен 277 939 адам (53,2%) егілді, 2 компонентпен 219 389 адам (42%) қамтылды. Екпе алғандардың ішінен 713 адамда коронавирустық инфекция анықталды.
Осылайша, аймақ азаматтарының коронавирусқа қарсы вакцинация препаратын таңдаудағы жеке қалауының ауқымы көрінеді:
- 13 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақтөбе облысында "Спутник V" вакцинасының 1 компонентпен 236 968 адам егілді, 202 979 тұрғын иммундаудың толық курсынан өтті;
- QazVac отандық вакцинаның 1 компонентімен 7 121 адам, 2 компонентімен 4 899 адам егілді;
- Коронавак вакцинасының – 1 компонентін 11 313 адам алды, 2 компонентін - 10 653 адам алды;
Hayat - Vax вакцинасының 1 компонентін облыстың 1 608 тұрғыны, 2 компонент – 249 адам алды.
Сондай-ақ, аймақ тұрғындары Vero Cell вакцинасын алады. Бірінші компонентке 43 850 адам, екінші компонентке 28 375 адам егілді.
Ақтөбе облысы бойынша барлығы 300 860 адам егілді. Екінші компонентпен аймақтың 247 155 тұрғыны егілді.