Балалар қауіпсіз ортада демалуы керек

Балаларды сауықтыру жыл сайын жаз айларында қала сыртындағы лагерьлерде немесе мектеп жанындағы алаңдарда жүргізіледі.
Биыл Қостанай облысының аумағында қала сыртындағы 12 лагердің 9-ы жұмыс істеді. Олардың әрқайсысы қызметке рұқсат құжатын (санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды) алды.
Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңір объектілерінде КВИ таралуының алдын алуға бағытталған қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру талап етілді.
Қала сыртындағы лагерь қызметкерлерін жұмысқа жіберу COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжат немесе зертханалық ПТР тестілеудің теріс нәтижесі болған кезде жүзеге асырылды. Әрбір баланы демалыс орнына қабылдау барысында оның денсаулық жағдайы туралы құжаттар, жұқпалы аурулармен байланыстың жоқтығы туралы анықтама, COVID-19-ға зерттеудің теріс нәтижесі (келуден 72 сағат бұрын) сұралады.
Ағымдағы жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар жетім балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар және т.б. үшін тегін негізде (2000 балаға дейін) COVID-19-ға зертханалық зерттеулер жүргізілді.
Қала сыртындағы лагерьлерге бөгде адамдар мен автокөліктердің кіруіне тыйым салынды. Азық-түлік өнімдерін жеткізушінің автокөлігі үшін азық-түлік қабылдауға арналған лагерь аумағына кіре беріс орындарда арнайы алаңдар жабдықталды. Барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды. Бақылау барысында ерекше тәртіп бойынша 7 лагерь, профилактикалық бақылау бойынша 11, объект басшыларының өтініші бойынша 1 лагерь тексерілді. Бақылау санитариялық талаптарды сақтау, тамақтануды ұйымдастыру, ауыз су режимі, медициналық қызмет көрсету, балаларды сауықтыру және дезинфекциялық режимді сақтау бойынша жүзеге асырылды. Жазғы кезеңде лагерьлерде 2095 бала, мектеп жанындағы алаңдарда 59832 бала демалыс өткізді.
Тексеру нәтижелері бойынша 29 тамақ өнімінің сынамасы, 19 ауыз су сынамасы алынып, сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Жалпы алынған 140 зерттеу үлгісінің 8-і талапқа сай келмейтіні анықталды. Су айдындарынан 6 сынама алынып, шомылу орындарының талапқа сай екені расталды. Анықталған санитариялық ережелерді бұзушылықтар бойынша 422965 теңге сомасына 3 айыппұл салынып, 2 ұйғарым берілді.
Сауықтыру объектілерінің басшыларымен тұрақты негізде санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіледі. 15 семинар, 48 дәріс, 473 бетпе-бет кеңес беру кездесулері өткізілді.