
Қостанай облысында шілде айында қарбыз маусымы басталды. Алғашқы күндерден-ақ қаланың базарлары мен сауда орындарында бақша дақылдарын сататын алаңдар пайда болды. Шырынды қарбыз бен қауыннан рахаттанып дәм тату үшін жыл сайын осы маусымды асыға күтеміз. Маусымдық жидек тек жағымды сезімдер әкелуі үшін қауіпсіз жерлерде жеміс алу өте маңызды. Өңірде бақша өнімдерін бақылау "Қауіпсіз өнім" акциясы аясында, сондай-ақ өнім қауіпсіздігін қадағалау барысында профилактикалық бақылау кезінде жүзеге асырылады. Акцияда кез келген тұтынушы бақша және көкөніс дақылдарында нитраттардың мөлшерін тегін тексере алады. Азық-түлік базарларында, ірі сауда үйлері мен супермаркеттерде жедел зерттеулерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» Қостанай филиалының зертханалық қызметі жүзеге асырады.
Айта кету керек, "Қауіпсіз өнім" акциясы айында кемінде екі рет тұрақты негізде базарлар мен қалалық сауда орталықтарының аумағында өткізіледі. Тек Қостанай қаласында ғана емес, облыс бойынша жүзеге асады. Акция аяқталғаннан кейін тұтынушыларға тамақтан уланудың алдын алу бойынша көрнекі бюллетеньдер мен тұтынушы құқықтарын түсіндіру материалдары тапсырылады.
Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша жеміс-көкөніс өнімдерінің 258 сынамасы нитраттардың құрамына тексерілді. Сонымен қатар, жазғы маусым басталғаннан бері 9 бақша сынамасы зерттелді, оның ішінде қауынның бір сынамасында нитраттар мөлшері рұқсат етілген нормадан асып кеткен.