Алматыдағы кәсіпкерлік нысандарына кірмек болған 716 «қызыл» мәртебесі бар тұрғын анықталды

Алматыдағы кәсіпкерлік нысандарына кірмек болған 716  «қызыл» мәртебесі бар тұрғын анықталды

Алматыда КВИ таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың деректері бойынша ағымдағы жылдың 9 сәуірі мен 1 шілдесі аралығында «ASHYQ» мобильді қосымшасының көмегімен QR-кодын сканерлеу нәтижелері бойынша 1449 тұрғынның «қызыл» мәртебесі расталды. Тағы 370 тұрғын «сары» мәртебеге ие.

«ASHYQ»  жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарының кіре берістеріндегі сканерлеу нәтижесі 716 тұрғынның «қызыл», 189 тұрғынның «сары» мәртебесін растады. Айта кетерлігі «қызыл» мәртебесі бар 157 және «сары» мәртебесі бар 40 тұрғын фитнес орталықтары мен бассейндерге кіруге тырысқан. Монша мен саунада «қызыл» мәртебесі бар 39 адам, «сары» мәртебесі бар 9 адам анықталды. Кинотеатрлардың кіре берістерінде «қызыл» мәртебесі бар 71 тұрғын, «сары» мәртебесі бар 34 адам анықталды. Қоғамдық тамақтану орындарында «қызыл» мәртебесі бар 286 және «сары» мәртебелі 56 тұрғын анықталды. Ал Алматының  әуежайына «қызыл» мәртебедегі 89 және «сары» мәртебелі 21 адам кіруге тырысқан.

Алайда, нысанға бармай, сканерлеу нәтижесінде, яғни үйде оқшауланған 733 тұрғынның «қызыл», 181-інің «сары» мәртебелері расталды. Анықталғанындай, олар қоғамдық орындарға, оның ішінде бассейндерге, сауналарға,кафелер мен мейрамханаларға бармақшы болған.

Вакциналау паспорты «ASHYQ»  қосымшасымен біріктірілгенін атап өту керек. Осылайша, коронавирусқа қарсы  вакцинаның екі компонентін алған тұрғындар «жасыл» мәртебеге ие болады.

«ASHYQ» жобасының көмегімен қала нысандарында коронавирусты жұқтыру қаупінің таралуын азайтуға болатынын ескертеміз.