Карантиндік шектеу қойылғаннан бері Павлодар облысы арқылы 135 681 адам шекарадан өткен

Карантиндік шектеу қойылғаннан бері  Павлодар облысы арқылы 135 681 адам шекарадан өткен

Павлодар облысы аумағындағы Мемлекеттік шекараның 4 автомобиль өткізу бекеті орналасқан. Бұл нысандарда коронавирус жұқтырған жолаушыларды анықтау мақсатында күнделікті мониторингтік бақылау жүргізіледі.

 Шектеу қойылғаннан бері (19.09.2020)  Павлодар облысы аумағы арқылы елге  135 681 адам кірген. Оның  76 990-ы  халықаралық тасымалды жүзеге асыратын жүргізушілер  және  58 691-і  жолаушы. Өткізу бекеттерінде жалпы саны 35 255 ПТР тест жүргізілді, коронавирус  инфекциясының симптомсыз  түріне шалдыққан 227 адам анықталды.

ПТР әдісімен  зерттеу жүргізу үшін карантиндік стационарларға 3 798  Қазақстан Республикасының  азаматы оқшауланды. Мұндай тексеру нәтижесі жоқ 1 909 шетел азаматына елге кіруге тыйым салынды.

Өткен тәулікте  шекарадан 901  азамат өтті. Оның 345-і жүк көлігінің жүргізушілері.   27 қазақстандық карантиндік стационарға жатқызылды.

«Үрлітөбе» бекетіндегі автоөткелде аурудың симптомсыз түрі 4 жолаушыдан анықталды. Олардың екеуі еларалық тасымалмен айналысатын Жамбыл облысы мен Қостанай облысының тумалары. Сондай ақ, вахталық әдіспен жұмыс істейтін Қостанай облысының тұрғыны және Семей қаласында білім алып жүрген студенттен вирус анықталды.

Өткен тәулікте COVID-19 бойынша теріс нәтижелі анықтамасы болмаған  ТМД-ның 26 азаматына шекарадан өтуге тыйым салынды, олардың қатарында  10 Ресей, 2 Тәжікстан, 6 Өзбекстан, 8 Қырғызстан азаматы бар.