Павлодар облысындағы балалар лагерьлерінде биыл 5 мыңнан астам жасөспірім денсаулығын жақсарта алады

Жазғы уақытта Павлодар облысында оқушыларды сауықтыру және олардың уақытын ұйымдастыру үшін қала сыртындағы 10 маусымдық сауықтыру лагері жұмыс істейді. Биыл олар өз есігін 11 маусымда ашпақ. Сонымен қатар, облыста балаларды жыл бойы жұмыс істейтін тағы 2 сауықтыру лагері қарсы алады.
Биыл жаз айларында Павлодар облысында 5 258 бала өз денсаулығын жақсартып, спорттық және зияткерлік спартакиадаларға, көңілді жарыстарға қатысып, жазғы уақытты жақсы өткізуге мүмкіндік алады.
Өз аймағынан тыс жерлерге бара алмайтындар үшін Павлодар облысында 1 маусымнан бастап мектеп жанынан 323 лагерь ұйымдастырылып, жұмыс істей бастады. Олардың қатарында ұйықтау мен тамақтануды ұйымдастыратын 209 балалар демалыс лагері бар. Бұл лагерьлерде жазғы кезеңде 35 574 оқушыны сауықтыру жоспарда бар.
Мамыр айында аймақтың білім беру басқармасымен, ТЖД, ПД, сауықтыру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде балаларды сауықтыру ұйымдарының агоритмін сақтау мәселелері бойынша бірнеше іс-шаралар өтті.
Жиындарда қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне қойылатын талаптар түсіндірілді. Атап айтқанда, Павлодар облысында балаларды сауықтыру лагерьлерінің қызметіне толымдылығы 50% - дан аспаған кезде рұқсат етілген.
Енді әрбір бала сауықтыру лагеріне келген кезде денсаулық жағдайы туралы құжаттар, яғни оқушының медициналық анықтамасы (071/у), инфекциялық ауруларға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастармен байланыстың жоқтығы туралы анықтама және лагерьге келгеннен 72 сағат бұрын жасалған COVID-19 ПТР-дің теріс нәтижесі бар құжат болуы тиіс. Мұндай карантиндік-шектеу шаралары жазғы демалыс ұйымдарында балалардың инфекция жұқтыруына жол бермеуге көмектеседі деп жоспарлануда.
Қала сыртындағы 12 сауықтыру лагерінің ішінен Павлодар ауданындағы Мичурин оқу-сауықтыру орталығы негізінде жыл бойы жұмыс істейтін «Балдәурен» лагеріне сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілген. Басқа ұйымдардан санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны алуға өтініш жақын арада түседі деп күтілуде.