«Жасыл аймақта» тұрған Шымкент қаласында той-жиын өткізу жалғасуда

Шымкент қаласындағы мобильдік топтардың мониторингтеу барысында 2021 жылдан бастап 9-ақпан аралығында карантин режимдерді қасақана бұзушылық анықталды.
Карантин режимдерін қасақана бұзғандар бойынша Шымкент қаласының аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына 61 шұғыл хабарлама жолданған. Түскен шұғыл хабарламалар бойынша әрбір нысанға тексерулер жүргізіліп, 4169900 теңге 56 айыппұл көлемінде салынды.
Сонымен қатар, карантиндік режимді бірнеше рет қасақана бұзған 3 нысан қоғамдық тамақтану және көңіл көтеру орындары анықталды:
- «Фазенда кафесі 3 рет,
- «Чеховъ PUB» кафесі 2 рет,
- «TS» караоке бары 2 рет.
Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша 7 нысанның ісі әкімшілік сотқа жолданып, 5 нысан бойынша сот қаулысы шықты, 2 нысанның ісі қаралуда. Әкімшілік соттың қаулысымен 5 нысанға ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 347260 теңгеге айыппұл салынды және 4 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды («Аль-Акрам» тойханасы, «KONO HOTEL» қонақ үйінің үлкен залы, «Наурыз 777 (Семь бочек)» мейрамханасы, "Чеховъ PUB" кафесі).
2021 жылдың 8 ақпанында шырайлы қаламызда тағы да адамдар шоғырланып, карантин режимін бұзған «Нұр-әлем» және «Хан шатыры» тойханаларында той өткізгені анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы шара көруге құжаттары дайындалуда.