Екпе алу маңызды!

Қазақстан Республикасында иммундау мәселесі денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі болып табылады. Тұрғындарды вакцинациялаудың нәтижесінде вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулармен сырқаттанушылық деңгейін едәуір төмендетуге қол жеткізілді.
Адамзат тарихында денсаулық сақтау саласындағы бірде-бір әрекет иммундау сияқты тиімді және қауіпсіз түрде аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейін қысқарта алмайтыны дәлелденген.
2002 жылы көптеген мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан Республикасы полиомиелит ауруынан бос ел статусын алды. 1988 жылдан бастап полиомиелит ауруы 99 пайызға төмендетілді. Күні бүгінге полиомиелит ауруы әлемнің тек үш елінде тіркелуде (Ауғанстан, Пәкістан, Нигерия), ал 1988 жылы аталған ауру әлемнің 125 елінде тіркелген.
Атырау облысында иммундау жұмыстарының нәтижесінде соңғы 10 жылда полиомиелит, қызамық, сіреспе, күл және т.б. екпемен басқарылатын инфекциялық аурулар тіркелген жоқ. Атап айтқанда вакцинациялау жұмыстары енгізілген уақыттан бастап қызамық ауруын 47 есе, жіті «В» вирустық гепатит ауруы 46 есе, «А» вирустық гепатит 10 есе төмендеген, сіреспе ауруының соңғы жағдайы 2009 жылы тіркелді.
Өткен 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда қызылша аурушаңдығының 7,7 есе төмендеуіне қол жеткізілді. 2020 жылы 102 жағдай тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 81 жағдай (2019 жылы 774 жағдай) тіркелді. Оның ішінде екпе алмағандардың үлесі 57,8% құрады, басқа жағдайларда ересек адамдардың екпе статусы белгісіз.
Халық арасында қызылша ауруының әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында облысымызда 2019 жылы 9-10 айлық нәрестелерге және 20-29 жас аралығындағы адамдар арасында қызылшаға қарсы жаппай қосымша иммундау жұмыстары жүргізілді. Осы өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде аурушылықты 7,7 есе төмендетуге қол жеткізілді. Аталған жағдай вакцинациялау жұқпалы аурумен күресудің ең тиімді әдісі екенін тағы да бір дәлелі болып отыр.
2021 жылдың ағымдағы кезеңінде облысты қызылша ауруы тіркелген жоқ.
Қол жеткен жетістіктерге байланысты инфекциялардың өте қиын өтетіні ұмытыла бастады. Инфекциялар мәңгіге жойылды деген алдамшы әсер қалыптасты. Соған сәйкес иммундау қажеттілігіне де күмән тудырыла бастады.
Өз балаңызды вакцинациялау туралы мәселені шешкен кезде интернеттен алынған, ешқандай негізі жоқ, нақты ғылыми деректерге сілтемесі жоқ, вакцинопрофилактика саласында медициналық мамандағы жоқ адамдардың айтқан деректерін емес, ең бірінші ғылыми негізделген ақпарат көзін, ғалымдардың жарияланымдарын басшылыққа алу керек.