Қызылорда облысында коронавирус вакцинасын салу үшін 64 жылжымалы егу бригадалары дайын

Қызылорда облысында коронавирус вакцинасын салу үшін 64 жылжымалы егу бригадалары дайын

Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға қарсы екпе егу 2021 жылдың ақпан айында басталады. 

Қазіргі уақытта вакцинациялауға жататын топтар бойынша адамдардың санын нақтылау, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны сақтауға және тасымалдауға арналған құрал-жабдықтарды тексеру және егу пункттерінің жарақтандырылуы бөлігінде ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілуде.

Телемедицина арқылы «Спутник V» вакцинасынын жүргізудің алғышарттары, қабылдау, тасымалдау және егу жұмыстарын  ұйымдастыру алгоритмі мен вакцинациялау көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдер» тақырыбында медициналық ұйымдарының 65 жауапты маманы, 324 эпидемиоло оқудан өтті.

Екпе белгіленген контингентке ақысыз негізде және ерікті түрде салынады. Вакцина бір адамға 2 мәрте жүргізіледі, яғни бірінші екпе қабылдағаннан кейін 21 күннен кейін қайта енгізіледі.

Вакцинациялау емдеу мекемелерінің екпе кабинеттерінде жүргізіледі. Бүгінгі күні облыс бойынша 154 егу кабинеттері белгіленді. Бұдан бөлек шалғай елді  мекен тұрғындарына екпе салу үшін 64 жылжымалы егу бригадалары қарастырылған.

Вакцина салу алдында денсаулық жағдайы бойынша анамнез нақтыланады, егер дене температурасы 37 градустан жоғары болса екпе салынбайды. Сонымен қатар инфекциялық және инфекциялық емес аурудың өршу кезеңі екпе егуге қарсы көрсетілім болып табылады. Бұл жағдайда вакцина аурудан айыққаннан кейін 2-4 аптадан соң жүргізіледі. Жеке қарсы көрсетілімдер вакцинациялау алдында аймақтық дәрігермен ресімделеді.