Павлодар облысында ауыз судың, топырақтың және атмосфералық ауаның сапасына жүргізілген мониторингтің қорытындылары шығарылды

Павлодар облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары жыл бойына қоршаған орта жағдайын зерттеу және себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мақсатында облыс аумағында атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізді.
Өңірде өндіріс қалдықтарын атмосфераға үнемі шығаратын 35 кәсіпорын бар. Әрбір кәсіпорынға санитарлық-қорғау аймағы бекітілген. Әдетте, барлық шығарындылардың ең үлкен көлемі жылу энергетикасы мен металлургия кәсіпорындарының үлесіне тиесілі.
Жалпы бақылау нүктелері 90, олардың барлығы облысқа бөлінген, оның ішінде, Павлодарда - 39, Екібастұзда - 35, Ақсу қаласында - 6, сондай-ақ аудандарда: Баянауылда - 6, Павлодарда - 4.
Ағымдағы жылы атмосфералық ауаның 9647 сынамалары зерттелді ШРК-ның артық мөлшері 15 сынамадан табылған. Павлодарда 4824 сынаманың 9-ы гигиеналық стандарттарға сәйкес келмеді, жалпы шаң құрамындағы ингредиенттер мен күкірт диоксидінің құрамы көрсеткіштерден асып түсті. Екібастұзда көмірқышқыл оксиді мен күйе бойынша ШРК артық мөлшері белгіленді.
Ақпарат шаралар қолдану үшін облыстық экология Департаментіне жіберілді. Аталған Департаменттің мәліметтері бойынша ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындыларынан халықтың денсаулығына кері әсер ететін ластаушы заттардың ингредиенттерінің 160 түрі бөлінеді. Оның ішінде 13 ингредиентте канцерогендік сапа бар.
Көміртегі оксидтері мұнай, газ және бензинді жағу кезінде пайда болады, оттегінің қанға түсуіне кедергі келтіреді. Ластанған ауа иммундық жүйені әлсіретеді, аллергия мен демікпенің, бактериялық аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін. Инфрақұрылымға және халықтың өмір сүру сапасына әсер ететін сумен жабдықтауға көп көңіл бөлінеді.
Мониторинг барысында 111 орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінде су сынамаларына зертханалық зерттеулер жүргізілді, микробиологиялық көрсеткіштерге 1687 сынама зерттелді. Санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 2024 су сынамалары зерттелді. Лайлылық, темір, қаттылық, құрғақ қалдық, хлоридтер, сульфаттар, азот, аммиак, марганецтің артық мөлшері анықталды.
Судың сынамалары жеке құдықтарды қоса алғанда, орталықтандырылмаған 366 су көздерінен алынды. 973 су сынамасы санитарлық-химиялық көрсеткіштерге, 726 сынама микробиологиялық көрсеткіштерге зерттелді. Органолептикалық көрсеткіштерден, қаттылық көрсеткіштерінен, темір, нитрат азотынан, құрғақ қалдықтардан, сульфаттардан, хлоридтерден, марганецтен артық заттар негізінен қалалар мен аудандардың ауылдық жерлеріндегі жеке құдықтардан анықталды.
Сондай-ақ, мониторинг барысында санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 278 топырақ сынамалары, бактериологиялық көрсеткіштерге 439 сынама зерттелді.
Ақпарат мүдделі органдарға жіберілді, нәтижесінде Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы балалар ойын алаңдарының аулаларындағы құм жәшіктерінің құрамы жаңартылды.