Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 18 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 18 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 719 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 145 932 жетті.
Оның ішінде:

- Шығыс Қазақстан облысында - 18151 (+63),

- Нұр-Сұлтан қаласында -17487(+55),

- Алматы қаласында - 17409(+65),

- Атырау облысында - 12438(+95),

- Қарағанды облысында - 11634(+32),

- Батыс Қазақстан облысында - 8745(+37),

- Павлодар облысында - 8166(+95),

- Солтүстік Қазақстан облысында - 7837(+64),

- Қостанай облысында - 6744(+67),

- Ақмола облысында - 6514(+58),

- Алматы облысында - 6450(+45),

- Шымкент қаласында -5449(+0),

- Жамбыл облысында - 4834(+14),

- Ақтөбе облысында -3615(+11),

- Түркістан облысында - 3571(+7),

- Маңғыстау облысында - 3549(+10),

- Қызылорда облысында -3339(+1).

 

Қазақстанда 427 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 54,
Алматы қаласында - 33,
Ақмола облысында - 130,
Шығыс Қазақстан облысында - 71,
Жамбыл облысында - 15,
Батыс Қазақстан облысында - 4,
Қарағанды облысында - 18,
Қостанай облысында - 45,
Маңғыстау облысында - 10,
Павлодар облысында - 47.

Елімізде барлығы 129 952 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

Үстіміздегі жылдың 19 желтоқсандағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

19 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 568 адам короновирус инфекциясынан (13 800 КВИ+ және 11 768 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 397 пациент стационарда, 21 171 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 259 адамның жағдайы ауыр;
• 38 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2020 жылғы 19 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 22 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 86 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 44 360, өлім жағдайлары - 470, барлығы 32 122 адам сауығып шықты.