Санитарлық қызмет мамандары мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті мен аймақтық департаменттерінің қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов атап өткендей, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет үшін биылғы жыл күрделі әрі жауапты болды. Пандемия кезінде қызмет мамандарының иығына ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алын алу жөніндегі маңызды миссия жүктелді.
Комитеттің және аймақтық бөлімшелердің қызметкерлері «Құрмет» ордені, «Шапағат» медалінің, «Ерен еңбегі үшін», «Халық алғысы» медальдарының және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегерлері болды.
Бұл марапаттар – пандемиямен күрестегі күнделікті қажырлы еңбектің және мамандыққа деген адалдық пен жоғары біліктіліктің лайықты бағасы.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!