Көкжөтел - жұқпалы инфекциялық ауру

Көкжөтел - жұқпалы  инфекциялық  ауру

Сіздер көкжөтел - тыныс алу жолдарының өте жұқпалы ауру екенін білесіздер ме? Жұқпалы вирустық аурулар кезеңінде денсаулығыңызға ерекше назар аударыңыз, өздігінен емделмеңіз, медициналық көмекке уақытылы жүгініңіз.

Індетті жұқтырған адамдарда бұл өте қатты жөтел түрінде басталып, содан кейін өткір спазматикалық тыныс алу пайда болады. Жөтел тек жоғарғы қарқындылықпен ғана емес, сонымен қатар ұзақ уақыт бойы жүреді, оны кейде «жүз күндік жөтел» деп те атайды.

Вакцина пайда болғанға дейін көкжөтел балалар ауруы болып саналып келді, және барлық жастағы балаларға тән болатын. Қазіргі уақытта көкжөтел негізінен нәрестелерде (жас ерекшеліктеріне қарай көкжөтелге қарсы екпе алмаған) және екпе алғаннан кейінгі иммунитетті жоғалтқан мектеп оқушылары мен жасөспірімдерде кездеседі. Көкжөтелден өлім-жітім оқиғалары өте сирек кездеседі және негізінен 4 айға дейінгі сәбилер арасында болуы мүмкін. Бұл ананың иммунитетін дамытады, сонымен қатар нәрестені өмірінің алғашқы жартыжылдығында қорғайтын көкжөтелге қарсы  антиденелерді береді. Көкжөтелге қарсы екпені көбіне жаңа туған нәрестелердің отбасы мүшелеріне де жүргізу ұсынылады.

Көкжөтелдің алдын-алудың ең тиімді  әдісі - вакцинация. Көбінесе дәрігерлер вакцинаны көк жөтелден ғана емес, сонымен қатар, қосымша екі ауыр індет - дифтерия мен сіреспеден қорғау үшін салады. Бұндай  вакцинаның алғашқы дозасы балаға 2-3 айлығында салынады.

Балаңызды иммундау мәселесін көпке созбаңыз! Балаңыздың денсаулығы - сіздің қолыңызда!