Халық денсаулығы жолындағы көпжылдық еңбек

Халық денсаулығы жолындағы көпжылдық еңбек

Алимжанова Фарида Шәмшіқызы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде 42 жылдан астам еңбек етіп келеді. Еңбек жолын 1985 жылы Ленин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында санитариялық дәрігердің көмекшісі болып бастаған. Кейін коммуналдық гигиена саласында жұмыс істеді, ал 2003 жылдан бастап Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бас маман қызметін атқарады.

Көпжылдық тәжірибе мен жоғары кәсібилік Фарида Шәмшіқызына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.