Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні атап өтілуде. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігінің, бірлігінің және ұлттық мақтанышының айқын көрінісі. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны халқымыздың өркендеуге, бейбіт өмір сүруге және ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерді құрметтеуге деген ұмтылысын білдіреді.

Барша әріптестерді, ел азаматтарын осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!