Бүгін ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қатысуымен "ҚР қазіргі эпидемиологиялық жағдай және карантиндік шараларды күшейту туралы" брифингті өтті.

Е. Қиясов елімізде COVID-19 ауруының өсуі жалғасып жатқанын атап өтті. Бір апта ішінде елдегі жағдайлардың үлесі 1.7 есе өсті. Сонымен қатар, аурушаңдықтың 45%-ы Шығыс Қазақстан облысында анықталды.
Оқу жылы басталғаннан бері қазақстандық оқушылар арасында КВИ-ның 825 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 261 факті - кезекші сынып оқушылары арасында.
Көрші елдерден әкелінген КВИ жағдайларына байланысты (соңғы апта ішінде - 98 факті) ҚР Мемлекеттік шекарасында шаралар күшейтілді. 6 қазаннан бастап 196 000 адам шекараны автомобиль өткізу пункттері арқылы кесіп өтті, олардың 364-інде оң нәтиже анықталды.
Аурушандық өсіп келе жатқан өңірлердің әкімдіктері КВИ-ді таратпауға қарсы күрес бойынша күшейтілген шараларды қабылдауда.
Осыған қарамастан, халық әлі де санитарлық дәрігерлердің талаптарын ұстанбай жүр. Өткен апта бойынша шектеу шараларының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлға 1329 адам тартылды.