Будапештте сумен жабдықтау және санитарияның негізгі мәселелері талқыланды

Будапештте сумен жабдықтау және санитарияның негізгі мәселелері талқыланды

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Будапешт қаласында (Венгрия) өткен Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттама тараптарының 7-ші кеңесіне қатысты.

Кеңес жұмысында С.Бейсенова ауыз су сапасының әсері, халықтың сырқаттанушылығының ауыз су қауіпсіздігімен өзара байланысы, санитария және гигиена қызметтерімен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ су инфрақұрылымының жай-күйі туралы, сондай-ақ судың сапасы мен қауіпсіздігін мониторингілеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Жекелеген сессиялар шеңберінде хаттаманы ратификациялау барысы, ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, денсаулық сақтау объектілерінің санитариялық-гигиеналық жағдайлармен жақсарту, сондай-ақ халықаралық нормалармен үйлестірілген білім беру объектілерінде сумен жабдықтау, санитария және гигиена стандартын енгізу туралы ақпарат ұсынылды.

Кеңес барысында БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен екіжақты кездесу өтті. Келіссөздер шеңберінде хаттаманы ратификациялау, халық денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ 6 ТДМ іске асыру контекстінде оқыту және ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.