Қазақстанда халықты маусымдық тұмауға қарсы иммундау науқаны жалғасуда
Бүгінгі таңда 84,8 мың адам вакцинациядан өтті.
Вакцинация үшін ресейлік өндірістің «Гриппол®» вакцинасы қолданылуда. Вакцинаның штаммдық құрамы ДДҰ алдағы эпидемиялық маусымға арналған ұсынымдарына сәйкес келеді.
Мақсатты топтарға жататын азаматтарға медициналық ұйымдарға тіркелген жері бойынша уақытылы жүгініп, вакцинациядан өту ұсынылады.
Еске саламыз: вакцинация тұмаумен сырқаттану және оның ауыр асқынуларының даму қаупін төмендетеді.