Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауға жария талқылау жүргізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауға жария талқылау жүргізу туралы хабарлайды.

Жария талқылауды жүргізу ағымдағы жылғы 2 шілдеге жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданып отырған саланы, талдау объектісін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты мына: s.sukhanov@dsm.gov.kz электрондық почтасына жіберуді сұраймыз, құпиялылығына және иесінің көрсетілмеуіне кепілдік береміз.

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Оқиға күні

01 шілде 2026

Оқиға түрі

Хабарландыру