БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

Құрметті журналистер, cіздерді АПВ-ға қарсы вакцинациясын жүргізудің «Қоғамдық денсаулыққа әсері бойынша зерттеу» нәтижелеріне арналған семинарға қатысуға шақырамыз.

 Өтетін орны: Астана қаласы, Комфорт қонақ үйі (Шұбар шағын ауданы, Ғарышкерлер көшесі 60). Cұхбатты 29 қазанда, сағат 11:45 алуға мүмкін болады.

Қатысушылар: ДДСҰ-ның UNIVAC құралын жұмыста, зерттеулерде (биостатистика, эпидемиология, экономика, онкология пәнінің оқытушылары) пайдалана алатын зерттеу жұмыс тобы, ЖОО зерттеушілері.

2024 жылы Қазақстан Республикасында (ҚР) адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинациялауды енгізу нәтижелерінің тиімділігін бағалау және АПВ-ға қарсы вакцинацияланған қыздардың денсаулық көрсеткіштеріне ұзақ мерзімді әсерін болжау үшін ДДСҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебімен бірлесіп "АПВ-ға қарсы вакцинациясын жүргізудің қоғамдық денсаулыққа әсері және ҚР-да АПВ вакцинациясын енгізудің экономикалық тиімділігі" атты зерттеу өткізді.

Зерттеу аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы құрылды, жатыр мойны обырымен байланысты сырқаттану, өлім, диагностика және емдеу туралы деректер, сондай-ақ 2014-2024 жылдар аралығындағы вакцинация шығындары туралы ақпарат жиналды. Бұл деректер вакциналардың әсері мен экономикалық тиімділігі туралы елдердегі шешімдерді қолдауға арналған әмбебап модель — UNIVAC құралының көмегімен талданды. Бұл құралды Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің (LSHTM) зерттеушілері жасаған.

Зерттеу нәтижелерін таныстыру және оларды негізгі мүдделі тараптармен талқылау, сондай-ақ есепті валидациялау үшін 29 қазанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін ҚР ДСМ вице-министрінің төрағалығымен ҚР ДСМ жұмыс тобының кеңесі өтеді.

29 қазан мен 30 қазан күндері түстен кейін Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің (Ұлыбритания) профессоры Kaja Abbas пен George Young вакцинация бағдарламаларының экономикалық тиімділігін және олардың денсаулық көрсеткіштеріне әсерін бағалау үшін UNIVAC құралын қолдану бойынша оқыту семинарын өткізеді.

Семинар қорытындысы бойынша жетекші университеттерден келген семинар қатысушылары вакцинациялаудың әртүрлі сценарийлерінің халықтың денсаулығына әсерін бағалауға мүмкіндік беретін практикалық болжау дағдыларына ие болады.

Журналистер үшін аккредиттеу міндетті, БАҚ өкілінің аты-жөні мен атауын поштаға жіберуді сұраймыз rymbayevaa@who.int

 

Басталу уақыты

28 қазан 2024

Соңғы күні

30 қазан 2024

Оқиға түрі

Семинар