Меню

Страницы

Статья

Қазақстан мен БҰҰ институты радиациялық және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыс пен сот төрелігі мәселелері жөніндегі өңіраралық ғылыми-зерттеу институтының (ЮНИКРИ) делегациясы арасында кездесу өтті.
Кездесу «Орталық Азия өңірінде радиоактивті және ядролық материалдардың заңсыз айналымының алдын алу әлеуетін нығайту» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты радиациялық және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту, «КОНТАКТ — Орталық Азия» жобасы шеңберіндегі ағымдағы жұмыстарды талқылау, сондай-ақ мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру және алдағы өзара іс-қимыл бағыттарын айқындау болды.
Іс-шараға Комитет төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Н.М. Қисабеков, Комитеттің Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы Е.А. Қиясов, Комитеттің, Ұлттық сараптама орталығының және Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері, сондай-ақ ЮНИКРИ делегациясы қатысты. Делегация құрамында ядролық қауіпсіздік бағдарламасының басшысы Франческо Миорин, радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Андрей Макаров және бағдарламаларды басқару мәселелері жөніндегі аға қызметкер Наргизахон Усманова болды. ЮНИКРИ өкілдері қабылдау үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық қызметімен одан әрі ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Атап айтқанда, Комитеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің және зертханалық қызметінің қызметкерлеріне радиациялық бақылау және өлшеу жүргізу мәселелері бойынша қосымша оқыту ұйымдастыру ұсынылды.
Ынтымақтастықты дамыту мамандардың кәсіби құзыреттерін нығайтуға және бейінді қызметтердің радиациялық және ядролық қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындауға дайындығын арттыруға бағытталған.

Дата публикации
09 октября 2026
Дата обновления
09 октября 2026
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
19 октября 2026
Маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылауда
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр
Баспасөз релиздері
09 октября 2026
Қазақстанда атмосфералық ауаның сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы