«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас маманы (уақытша 2022 ж. 30 қазанға дейін негізгі қызметкердің жүктілікке және босануына байланысты демалысы кезеңіне)
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы
Қарағанды облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде аудиторлық іс-шараларды жоспарлау кезінде мемлекеттік аудит объектілерін іріктеу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша мәліметтерді қалыптастыру. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамдардың негізделген жазбаша ұсыныстары негізінде: 1) тәуекелдерді басқару жүйесінің деректеріне барынша сәйкестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ бұрын жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қайталануын болғызбау мақсатында тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін, егжей-тегжейлі тізбесін қалыптастыруға және оны мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен келісуге міндетті; 2) Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне, нақтыланған тізбесіне өзгерістер (толықтырулар) енгізуге құқығы бар. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттердің атқарылуына талдау және мониторинг жүргізеді. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерге қатысты ағымдағы бағалауды жүзеге асыру. Аудиторлық қорытындылардағы ұсынымдарды және тексеру комиссиясы нұсқамаларының тармақтарын, сондай-ақ ағымдағы, кейінгі бағалау және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қамтылған ұсынымдарды іске асыру барысын есепке алуды және мониторингілеуді жүзеге асырады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетіне Тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі жұмысы туралы ақпарат дайындайды.
Блок А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39
-
8(7212) 42-14-54