Жалпы ақпарат

Мухамеджанова Дана Борашевна
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
Комиссия туралы
«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тексеру комиссиясының миссиясы Қарағанды облысының аумағында қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.