«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

380392

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Тиісті жылға Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараларын жоспарлау бойынша жұмысын ұйымдастырады. Аудиторлық іс-шараларды жоспарлау барысында қауіптерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Құзыреті аясында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша Бірыңғай дерек қорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Облыстық және жергілікті бюджеттердің ағымдағы және кейінгі бағалауының жүргізілуін қамтамасыз етеді. Тексеру комиссиясының нұсқама тармақтарының және аудиторлық тұжырымда мазмұндалған ұсынымдардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысына өз құзыреті аясында мағлұматтардың, сонымен қатар талдамалық анықтамалардың, баяндамалардың, ақпараттың әзірленуін қамтамасыз етеді. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне Тексеру комиссиясының қызметі туралы ақпараттың әзірленуін және ұсынылуын қамтамасыз етеді. Блок А.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.06.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.06.2022 – 28.06.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.07.2022

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 42-14-54