«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ қаржы басқарылуына мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы - мемлекеттік аудиторы (№ 2-3, А блогы, (уақытша 2022 ж. 27.07. дейін негізгі қызметкердің жүктілікке және босануына байланысты демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Мемлекеттік аудитор сертификатының болуы

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау іс-шараларына қатысады; Тексеру комиссиясының ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын іске асыруға қатысады; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау іс-шаралары бойынша бөлім қызметіне қатысты бөлігінде материалдарды талдауды және жиынтықтауды жүргізеді; заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырады; Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Блок А.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.04.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.04.2022 – 12.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 42-14-54