«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас инспекторы
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы
Қарағанды облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде: облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, аудиторлық іс-шараларды жоспарлау кезінде мемлекеттік аудит объектілерін іріктеу үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруға.
Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуге жауапты лауазымды адамдардың негізделген жазбаша ұсыныстары негізінде:
1) Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін, егжей-тегжейлі тізбесін қалыптастыруға және олардың тәуекелдерді басқару жүйесінің деректеріне барынша сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бұрын жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қайталануын болдырмау мақсатында оны мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен келісуге;
2) Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне, егжей-тегжейлі тізбесіне өзгерістер (толықтырулар) енгізуге.
Аудиторлық, сараптау-талдамалы іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың есебін және мониторингін жүргізуге.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорына (қажет болған жағдайда) өзгерістерді енгізу және қалыптастыру бойынша жұмысты жүргізуге. Облыстық бюджетті ағымдағы және кейіннен бағалауды жүзеге асыру үшін мәліметтер қалыптастыру, оның ішінде мемлекет активтерін пайдалану және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану тиімділігіне бағалау жүргізуге.
Блок В
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39
-
8(7212) 42-14-54