"Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ экономика дамуына мемлекеттік аудит бөлімінің жетекші маманы - мемлекеттік аудитордың ассистенті

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-5

Орташа лауазымдық айлықақы

210086

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары, орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Бухгалтерлік есеп және аудит саласында кәсіби білім

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік аудит жүргізуге қатысу. Ішкі аудит қызметін қоспағанда, қызметтік куәлігі мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының тексеру тағайындау туралы актісін көрсеткен кезде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге рұқсат алу. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңының талаптарын сақтай отырып, тиісті мемлекеттік аудит объектісіндегі тауар-материалдық запастарға және өзге де активтерге түгендеу жүргізу. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңның 22-бабында көзделген құжаттарды қоспағанда, аудит барысында құжаттарды жасау және оларға қол қою; Құзыреті шегінде аудит объектілерінің бюджетке соманы өтеуі, жұмысты орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) анқыталған бұзушылықтар сомасын есепке алу, нұсқамаларды орындау және айыпты тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде қаржылық бақылауды жүзеге асыруға қатысады. Бөлімнің қызметіне қатысты бөлігінде мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың іс-шаралары жөнінде талдау жасайды және мағлұматтарды жинақтайды. Бөлімнің қызметіне қатысты талдамалық мағлұматтарды, соның ішінде есептерді, ақпаратты және өзге құжаттарды әзірлеуге қатысады. Тексеру комиссиясының ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын жүзеге асыруға қатысады. Бөлім басшысына Тексеру комиссиясының ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды енгізеді және олардың орындалысы бойынша жұмыс жүргізеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті құқық қорғау және өзге органдарға табысталған мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау мағлұматтары бойынша мониторинг және бақылау жасайды.

(Блок В)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.09.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.09.2021 – 04.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 42-14-54