«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ экономика дамуына мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы - мемлекеттік аудиторы

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

D-4

Орташа лауазымдық айлықақы

116623 - 157326

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Білімі-мемлекеттік аудит, міндетті талаптар: мемлекеттік аудитор сертификатының болуы

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау іс-шараларына қатысады; Тексеру комиссиясының ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын іске асыруға қатысады; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау іс-шаралары бойынша бөлім қызметіне қатысты бөлігінде материалдарды талдауды және жиынтықтауды жүргізеді; заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырады; Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.11.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.11.2020 – 24.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 42-14-54