«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі бас инспекторы
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы
Қарағанды облысы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға ақпарат пен құжаттарды қалыптастыру, енгізу, жолдау бойынша жұмыс жүргізуге. Бөлім құзыреті шеңберінде Тексеру комиссиясының интернет – ресурсында ақпарат пен құжаттарды қалыптастыру және орналастыру бойынша жұмыс жүргізуге. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына аналитикалық қызмет бойынша мәліметтерді қалыптастыру бөлігінде есепті кезеңдегі Тексеру комиссиясының жұмысы туралы ақпаратты дайындауға. Облыстық бюджетке қатысты ағымдағы бағалауды жүзеге асыру. Облыстық бюджетке қатысты кейінгі бағалауды жүзеге асыруға, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігін, облысты дамыту жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын пайдалануын, өңірде басқа бағдарламалық өнімдерді іске асыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, мемлекет активтерін пайдалану және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары мен сессияларына қатысу үшін, оның ішінде облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті (қорытындыны) қарастыруы бойынша ақпарат (баяндамалар, слайдтар) дайындауды қамтамасыз етеді. Облыстық бюджеттің атқарылуына мониторинг пен талдауды жүзеге асыруға. Облыстық мәслихаттың қабылданған шешімдеріне және облыстық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруі туралы облыс әкімдігінің қаулыларына мониторингті жүзеге асыруға. Облыстық бюджет, республикалық және облыстық бюджеттерден нысаналы трансферттерді бөлу туралы талдамалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етуге. Облыстық бюджет бойынша анықталған бұзушылықтардың себептері мен салдарын қорытындылауға.
Функционалдық блок "А"
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz
- Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39
-
8(7212) 42-14-54