«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас инспекторы (уақытша 2025 жылғы 15 тамыз аралығына негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқықылы)
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы
Қарағанды облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға ақпарат пен құжаттарды қалыптастыру, енгізу, жолдау бойынша жұмыс жүргізуге. Бөлім құзыреті шеңберінде Тексеру комиссиясының интернет – ресурсында ақпарат пен құжаттарды қалыптастыру және орналастыру бойынша жұмыс жүргізуге. Тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі жұмысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды талдау, жүйелік кемшіліктерді есепке алу, бюджетке қаражат түскен кезде анықталған бұзушылықтарды есепке алу, бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану, қаржылық есептілік аудиті және рәсімдік бұзушылықтар бөлігінде дайындауды қамтамасыз етуге. Жыл қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметін бағалау нәтижелері туралы әрбір өлшем мен көрсеткіштер бойынша жасалған түсіндірме жазбаны қоса алғанда, растайтын құжаттармен ақпаратты дайындауға, қалыптастыруға және жіберуге қатысуға. Аудандар мен қалалардың бюджеттеріне қатысты тексеру комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы бағалауды жүзеге асыруге. Аудандар мен қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің жергілікті бюджеттеріне қатысты (аудандар мен қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің: Қарағанды, Приозерск, Абай, Осакаров, Шет аудандарының жергілікті бюджеттерінің атқарылуы бойынша есептер (қорытындылар) жазуды кейінгі бағалауды жүзеге асыруға. Облыстық бюджеттен, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, мемлекеттік кірістер органдарының және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджеттерінен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын мемлекеттік аудит объектілері бойынша жергілікті бюджетке, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару жүйесінде мәліметтер қалыптастыруға оның ішінде жүзеге асыруға: алдын ала кезең (қаржылық, бюджеттік, бухгалтерлік есептіліктен тәуекелдерді бағалауды жүргізу үшін ақпарат жинау, мемлекеттік аудит объектілерінен және басқа да көздерден алынған дерекқорды жүйелеу және қалыптастыру); негізгі кезең (тәуекелдерді және оларды іріктеу өлшемшарттарын сәйкестендіру; сапалық және сандық әдістер негізінде тәуекелдерді бағалау; объектілер мен бақылау объектілерін тәуекел дәрежелері бойынша саралай отырып, тәуекелдер тізілімін және жиынтық тізілімін қалыптастыру); қорытынды кезең.
Функционалдық блок "А"
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
revcom_krg@krgrevcom.gov.kz
- Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 39
-
8(7212) 42-14-54